Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен Еуразиялық банк МӘМС төлемдерін өткізу туралы клиенттерге push-хабарлама жіберу жөнінде келісімге келді. Осы мақсатта тараптар тиісті меморандумға қол қойды.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі қағидаттарының бірі – жарналар мен аударымдарды тұрақты төлеу. Биыл Қор осы бағытта халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, 2 миллионнан астам адамды қамтыды. Сонымен қатар, Қор проактивті форматтағы өзара әрекеттестікті дамыту үшін жаңа цифрлық технологияларды енгізуге басымдық беріп отыр.
«Бірқатар маңызды шаралармен қатар, Қор push-хабарламалар жіберу сервисін әзірлеп болды. Оның басты мақсаты – азаматтарға МӘМС төлемдерін уақытылы жүргізбеген жағдайда алдын ала ескерту. Себебі төлем уақытында жасалмаса, сақтандырылған мәртебесінен айырылу қаупі туындайды. Яғни, қолданушы жарна төлеуді ұмытып кетсе, мобильді қосымша оған автоматты түрде хабарлама жібереді», – деп мәлімдеді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Индира Саркенова.
Еуразиялық банк рush-хабарламаларды жіберу сервисіне қосылуға алғашқы болып ниет білдіріп, Қормен екіжақты келісімге қол қойды.
«Еуразиялық банк клиенттеріне әрдайым ыңғайлы әрі пайдалы цифрлық қызметтер ұсынуға тырысады. Біз бұл жобаның алғашқы қатысушыларының бірі болғанымызға қуаныштымыз. Енді біздің клиенттер сақтандырылған мәртебесі туралы және оны жоғалту қаупі жөнінде уақытылы хабарлама алатын болады», – деді Еуразиялық банк басқарушы директоры Әлішер Елюбаев.
Ақпараттық жүйелерді интеграциялау жұмыстары 2025 жылдың І тоқсанында аяқталады деп жоспарланған.
«Бірқатар маңызды шаралармен қатар, Қор push-хабарламалар жіберу сервисін әзірлеп болды. Оның басты мақсаты – азаматтарға МӘМС төлемдерін уақытылы жүргізбеген жағдайда алдын ала ескерту. Себебі төлем уақытында жасалмаса, сақтандырылған мәртебесінен айырылу қаупі туындайды. Яғни, қолданушы жарна төлеуді ұмытып кетсе, мобильді қосымша оған автоматты түрде хабарлама жібереді», – деп мәлімдеді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Индира Саркенова.
Еуразиялық банк рush-хабарламаларды жіберу сервисіне қосылуға алғашқы болып ниет білдіріп, Қормен екіжақты келісімге қол қойды.«Еуразиялық банк клиенттеріне әрдайым ыңғайлы әрі пайдалы цифрлық қызметтер ұсынуға тырысады. Біз бұл жобаның алғашқы қатысушыларының бірі болғанымызға қуаныштымыз. Енді біздің клиенттер сақтандырылған мәртебесі туралы және оны жоғалту қаупі жөнінде уақытылы хабарлама алатын болады», – деді Еуразиялық банк басқарушы директоры Әлішер Елюбаев.
Ақпараттық жүйелерді интеграциялау жұмыстары 2025 жылдың І тоқсанында аяқталады деп жоспарланған.
10.12.2024
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуде
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуге дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады.
Жүргізіліп жатқан
трансформация мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, денсаулық
сақтау...
08.07.2026
БАНКТЕРДІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРЫНДАҒЫ PUSH-ХАБАРЛАМАЛАРДАН КЕЙІН 835 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жіберу жолымен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі туралы хабардар ету сервисінің жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізді.
02.07.2026
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кездесу Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
23.06.2026



